Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тырнақ алғыш та бар": Қостанайда сотталушы телефонды асқазанына салып өтпек болған

Опубликовано:

Қостанайда телефонды асқазанға салып өтпек болған
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанайдағы УК-161/1 тергеу мекемесінде сотталушы азаматтың асқазанынан ұялы телефон табылды, деп хабарлайды Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тергеу орындарындағы қызметкерлер рентген құрылғысы арқылы сотталушының асқазанынан тыйым салынған затты байқаған.

"Рентген арқылы сотталушының асқазанынан телефоннан бөлек, тырнақ алатын қысқыш та табылды", - делінген Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда аталған іске байланысты тергеу жұмыстары басталды. Соңғы жылдары түзету мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері жиі байқалады. Алайда мамандар мұның бірде-бірі сәтті аяқталмағанын айтады.

Мәселен, Арқалықтағы түрмелердің біріне жіберілген сәлемдеме арасынан екі ұялы телефон мен екі USB жалғағышы табылған. Аталған заттар аяқ киім ұлтарағаның астына жасырылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979309-tyrnaq-algys-ta-bar-qostanaida-sottalusy-telefondy-asqazanyna-salyp-otpek-bolgan/

pixel