Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың құны миллиард теңгеден асатын мүлкі тәркіленді

Опубликовано:

үй
Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын мүлікті тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады.

Прокуратура ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2017 жылы соттың үкімімен жалған кәсіпкерлік пен ақшалай қаржыны қолма-қол айналдырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ сотталған.

"Атап айтқанда, 86 жалған кәсіпкерлік ашып, қылмыскерлер 87 млрд теңгеден аса қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, 27,7 млрд теңгеге салық төлеуден жалтарған.

Олар қылмыстық жолмен алынған қаражаттарын мүліктерді сатып алу арқылы заңдастырған.

Соттың үкімімен қаладағы беделді ауданда орналасқан 1,3 мың шаршы метрге жуық көлемде тұрғын үй құрылысы бар жалпы көлемі 1,4 гектар болатын екі жер телімі қайтарылды. Жердің біреуінде тікұшақ қонатын алаң орналасқан. Ол объектінің шамамен нарықтық құны 1 млрд теңгені құраған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар прокурорлар қылмыскерлер мүліктерін тәркілеуден жалтару үшін "пиғылды" жоспарларды жүзеге асырғанын анықтаған.

Осылайша, жер телімдері сотталғандардың біреуінің әкесінің иелігіне шығарылған. Кейін сот үкімін орындаудан жалтару үшін жылжымайтын мүлік төрт мәрте үлестес тұлғалардың арасында жер телімінің конфигурациясын өзгерту арқылы жүзеге асырылған.

"Жалған мәмілелерді жасау нәтижесінде мүлік қағаз жүзінде сотталғандардың біреуінің қызына қайтарылған.

Бұдан бөлек, осындай "пиғылды" жоспарларды жүзеге асырып, мүлікті сақтап қалу үшін жер телімдерінің кезекті иелерінің бірі қасақана жалған некеге отырған", - делінген хабарламада.

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы аталған мәмілелерді, жалған неке туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінген.

Жүргізілген ауқымды сот процестері, сондай-ақ азаматтық істің апелляциялық сатыда қаралу нәтижесі негізінде қадағалау органының талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Жоғарыда қабылданған шаралар мемлекет пайдасына бағалы мүліктердің қайтарылуына негіз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979334-almatyda-zalgan-kasipkerlerdin-quny-1-mlrd-tengeden-asatyn-mulikteri-qaitarylady/