Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа өтсе қандай шектеулер енгізіледі

Опубликовано:

індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен брифингте елорда "сары" аймаққа өтсе, қандай шаралар енгізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, қала "сары" аймаққа көшкен жағдайда еліміздің астанасында бетперде режимі енгізіледі.

"Кинотеатрларға бұқаралық шараларда, концерттерде, қоғамдық көліктерде маска тағып жүруге кеңес беріледі", - деді ол.

Сонымен қатар жанасу мүмкіндігі жоғары жұмыс орындарын қашықтан істеуге жіберу, вакцинацияға қарсы түбегейлі қарсы медициналық көрсетілімі бар адамдарды қашықтан жұмыс форматына өткізу ұсынылады.

Бұдан бөлек, 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиналыстар онлайн режимге ауыстырылмақ.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1959 адам тіркелді. Олардың 586-cы Нұр-Сұлтан қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979344-nur-sultan-qalasy-sary-aimaqqa-otse-qandai-sekteuler-engiziledi/

pixel