Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өзін "прокурордың әйелімін" деп таныстырған азаматша жауапкершілікке тартылды

Опубликовано:

өзін "прокурордың әйелімін" деп таныстырған азаматша
Желіде тараған видеодан кадр: t.me/kozachkow

Шымкентте өзін "прокурордың әйелімін" деп таныстырған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде "Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік танытты" деген сипатта бейнежазба тараған болатын.

Бұл видеоға Қызылорда облыстық прокуратурасы пікір білдіріп, видеодағы әйелдің облыс прокурорының жұбайы емес екенін, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Кейін видеодағы әйелдің жеке басы анықталды. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өзін "прокурордың әйелімін" деп таныстырып, күзетшілерге дөрекілік танытқан азаматшаның үстінен күзет қызметкерінен арыз түскен.

Арызда ол жас әйелді күзетшілерге қатысты дөрекі сөздер айтып, балағаттағаны үшін жауапкершілікке тартуды сұраған.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдаған.

Бүгін әйелге қатысты іс Шымкент қаласы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

Сот құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрағанын назарға ала отырып, сондай-ақ оның асырауында үш баласы барын екенін ескеріп, оған айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тағайындаған.

Азаматша 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979369-symkentte-ozin-prokurordyn-aielimin-dep-tanystyrgan-azamatsa-zazalandy/

pixel