Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде білім гранты конкурсына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда білім гранты конкурсына өтініш қабылдау мерзімі 22 шілдеге дейін ұзартылды. Мұндай шешім талапкерлердің өтініші негізінде қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым мәліметінше, бүгінгі таңда шекті межеден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына құжат тапсырған.

Өткен жылмен салыстырғанда 88 мың үміткер шекті деңгейден асқан болса, гранттық байқауға 77 мың адам қатысқан.

Осы көрсеткішті ескеріп, мамандар биыл 92 мың өтініш қабылдануы мүмкін екенін айтады.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге мынадай құжаттар қажет:

  • жеке куәлік,
  • ҰБТ сертификаты,
  • орта білімі туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом),
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

Сонымен қатар медициналық анықтаманы тамыз айында жоғарғы оқу орнына қабылдау кезінде тапсыру қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979410-bilim-granty-konkursyna-otinis-qabyldau-merzimi-uzartyldy/

pixel