Жамбыл облысында полицейлер зират маңынан қару-жарақ қоймасын анықтады

Опубликовано:

Қару-жарақ
Видеодан кадр: Polisia.kz

Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Полиция қызметкерлері қойманы зират аумағынан анықтаған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.

Екі оқжатары бар "АКС-74У" автоматы, 9 мм калибрлі "ME-38 Marchal" травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ-дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ-дәрi, 12 калибрлі 2 оқ-дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ-дәрi тәркіленді.

Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Полиция қызметкерлері қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979414-zambyl-oblysynda-policeiler-zirat-manynan-qaru-zaraq-qoimasyn-anyqtady/