Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жылқыны басқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында жылқыны әдейі басқан ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Қазақпарат өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, Междуречинск ауылының тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бойынша сотқа дейінгі тергеу материалы тіркелген.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажетті тергеу шараларының барлығы жүргізілуде. Әкімшілік құқық бұзушылық (ӘҚБтК-нің 434-бабын) жасағаны үшін 20 шілде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Р.-ға әкімшілік жаза тағайындалды. Ол 10 тәулікке қамауға алынды", - деп хабардар етті Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алматы облысында жол талғамайтын көлік мінген ер адамның жылқыны аяусыз, әдейі басқан жантүршігерлік видеосы тараған еді.

Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдіріп, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Кейінірек 38 жастағы ер адамның шығынды өтеп, малдың иесімен татуласқаны белгілі болды.

Сол арада желіде ер адамның үйінің алдына ондаған ауыл тұрғынының жиналғаны туралы видео да тарады.

Оқиға орнына Алматы облысының патрульдік полиция жасағы мен Іле аудандық полиция басқармасының басшылығы барған. Олар ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, содан кейін барлығы үйлеріне тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979447-almaty-oblysynda-zylqyny-basqan-er-adam-qamauga-alyndy/