Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

COVID-19-ға тест тапсыру орталығы
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында.

2022 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "Қызыл" аймақта: Ешбір өңір жоқ.
  • "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
  • "Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова ел астанасы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа өтсе, қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтқан еді.

Сонымен қатар қазіргі таңда елорда тұрғындары үшін коронавирусқа қарсы қандай вакцина қолжетімді екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979482-koronaviorus-nur-sultan-sary-aimaqqa-otti/

pixel