Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Махамбет Абжанның отбасы мүшелеріне қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

фейк-нюс
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген журналист Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің банктік шоттарына шектеу қойылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ведомство ресми Telegram-каналында хабарлады.

"Telegram-арналардың бірінде күдікті М. Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде оның кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарына шектеу қойылғаны туралы ақпараттың таратылуына байланысты бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Тергеу аясында күдіктінің өзінің ғана банктік шоттарына шектеулер қойылды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Осы орайда агенттік азаматтардан тек ресми ақпарат сенуге шақырды.

Еске сала кетсек, журналист Махамбет Абжан кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979542-antikor-maxambet-abzannyn-otbasy-muselerine-qatysty-taragan-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel