ҚМА рейдерлік басып алумен айналысқан бір топ адамның аты-жөнін жариялады

Опубликовано:

Рейдерлікпен айналысқан топ ұсталды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері рейдерлік басып алумен айналысқан бір топ адамды ұстады. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 14 шілдеде ҚПК 128-бабына сәйкес мына азаматтар қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды:

  • Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған,
  • Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған,
  • Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы 1990 жылы туған,
  • Абижанов Дастан Мәдиұлы 1977 жылы туған.

Одан бөлек 15 шілде күні Алматы қаласы мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жарияланды. Сот оны қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.

Бұған қоса Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.

Қаржы мониторингі агенттігі осы күдіктілердің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтардан ведомствоның сенім телефонына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979552-qma-reiderlik-basyp-alumen-ainalysqan-bir-top-adamnyn-aty-zonin-zariyalady/