Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғындарды 15 млн теңгеге алдап кеткен азамат ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылықтарды 15 млн теңгеге алдап кеткен күдікті қолға түсті. Ер адам өзін дөңгелек сатушысы ретінде таныстырған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz

Полицияның хабарлауынша, азамат тұрғындарға дөңгелектер мен дисктерді тек көтерме жеткізу қызметін ұсынған. Алам деушілерге тікелей қоймадан арзан бағадағы тауарды алып беруге уәде берген.

"30 жастағы Е. есімді азамат тауар төлемін алдын ала алған. Ол "сатып алудың" көлеміне қарай 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін болды. Ер адам уәдесін орындамаған соң алданған 12 азамат полицияға арыз жазған. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде.

Тергеудің қазіргі кезеңінде жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгеден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алатау аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Тәртіп сақшылары тергеу қажеттілігін ескере отырып, бұл азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: 8-700-300-99-96; 8-778-626-11-08.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979554-almatyda-turgyndardy-15-mln-tengege-aldap-ketken-azamat-ustaldy/

pixel