Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы супермаркетте жерде шашылып жатқан қанттың видеосы тарады

Опубликовано:

Қарағандыда қантқа таласамын деп шашып кетті
Скриншот: instagram / patriotkaragandy

Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде қантқа таласқан жұрттың ақыр соңында оны қалай шашып кеткенін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл жағдайға қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Супермаркеттегі видео әлеуметтік желіде тараған. Видеодағы кадрға мән берсек, бірін бірі итерген сатып алушылар сөредегі өзге өнімдерді құлатып, қантты алып қалуға тырысуда.

"Қарағандыда қант үшін жанталас жалғасуда. Супермаркетте адамдар қанттың айналасына үйіліп, оған таласқаны сонша, құмшекер салынған қалта жыртылып, төгіліп қалды", – делінген хабарламада.

Видеоға Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі түсініктеме берді. Ведомство супермаркеттегі дүрбелең қалаға қанттың кешігіп жеткізілуіне байланысты туындағанын, дүкендерге тауар жеткізуде үзілістер болғанын хабарлады.

"Бүгінгі таңда логистикалық бағыттардың өзгеруіне байланысты қалаға қант вагондарын жеткізуде кідірістер орын алып отыр, соның салдарынан қантты сауда объектілеріне жөнелтуде іркілістер болуда. Оның үстіне, тұрғындар тарапынан қантқа деген сұраныс жоғары болып тұр.

Сатып алушыларды көбірек қамту және бірқатар сауда объектісінің әкімшілігімен алыпсатарлықтың алдын алу үшін жоғары сұранысқа ие тауарларды бір қолға босатуға шектеулер белгілеу практикасы қолданылады", деп хабарлады мемлекеттік орган.

Сондай-ақ олар тұрғындарды дүрбелеңге түспеуге және көп мөлшерде қант сатып алмауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979605-qaragandydagy-supermarkette-zerde-sasylyp-zatqan-qanttyn-videosy-tarady/

pixel