Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өміріне қауіп төніп тұрған": Балқашта ауруханадан қашып кеткен ер адам дәрігерлерді әбігерге салды

Опубликовано:

Балқашта ер адам ауруханадан қашып кетті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Балқашта ауруханадан қашып кеткен ер адамның видеосы әлеуметтік желі арқылы таралып жатыр. Науқастың айтуынша, дәрігерлер оған күштеп ота жасамақ болған. Алайда ауруханадағылар ер адамның сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жансақтау бөлімінен қашып шықтым деген азамат өзін Қанат деп таныстырып, ауруханада сұмдық жағдайлар болғанын баяндайды.

Ал Қарағанды облыстық денсаулық басқармасы ер адамның ауруханадан қашып кеткенін растады. Дәрігерлердің айтуынша, оның ішіне және кеуде тұсына компьютерлік томография жасалған. Тексеріс барысында, өңешінде, асқазанында және өкпесінде патология анықталды дейді.

"Бұл науқас 14 шілде күні Балқаш қаласының орталық ауруханасына түсті. Өміріне қауіп төніп тұрған, қан қысымы өте төмен болды. Науқас медициналық мекемеде агрессивті мінез танытып, "жағдайым жақсы" деп айқайлады. Наркоздан кейін галлюцинация басталды. 16 шілдеде аурухана қызметкерлерінің жоқтығын пайдаланып, бірінші қабаттағы терезе арқылы қашып кетті", - деді орталық аурухананың баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде науқас орталық ауруханаға қайтып келген. Оны Қарағанды қаласындағы көпсалалы аурухананың онкологиялық стационарына жатқызу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ә. Дүкембаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979623-omirine-qauip-tonip-turgan-balqasta-auruxanadan-qasyp-ketken-er-adam-darigerlerdi-abigerge-saldy/

pixel