Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотталушыны пара беруге итермелеген "генерал" ұсталды

Опубликовано:

пара беру
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола гарнизоны Әскери сотында өзін "генералмын" деп таныстырып, сотталушыны пара беруге итермелеген ер адам сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін "әскери генерал" деп таныстырған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

"Ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды

Бұрын сотталған адам тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979736-sottalusyny-para-beruge-itermelegen-general-ustaldy/

pixel