Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде кәріз құдығынан екі ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Қақпақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде кәріз құдығынан екі ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар газдан уланған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ. NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, кәріз құдығынан табылған екі ер адамның денесі бойынша 21 шілде күні тергеу жұмыстары басталған.

"Бірқатар сараптамалар тағайындалды, сонымен қатар істің барлық мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде", - деп атап өтті Семей қаласының полиция департаменті.

Ведомство тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында үйінің кірберісінен кәсіпкердің денесі табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979743-semeide-kariz-qudygynan-eki-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel