Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: Instagram.com/kudaibergen_kairat

Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растап отыр.

"21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды",- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Құдайбергеннің депутаттық мандатынан айырылғанын жазған едік.

Айта кетейік, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуір күні пайда болған еді.

Кейінірек Алматы прокуратурасы аталған мәліметті растады. Кәсіпкер қаңтар айында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979767-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/

pixel