Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласындағы компаниялардың бірінен қаржы пирамидасының белгілері анықталды

Опубликовано:

Құжат
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі агенттіктің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Тергеу органы қаланың тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.

Бұл ұйымның өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсеткені белгілі болды.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Агенттік басқа деректер тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.

"Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979774-nur-sultan-qalasyndagy-kompaniyalardyn-birinen-qarzy-piramidasynyn-belgileri-anyqtaldy/

pixel