Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ер адам пәтерінде қарасора өсірген

Опубликовано:

Есірткі заттары
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысы Рудный қаласында 37 жастағы ер адам өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін ұсталды. Ол қарасора өсіруге арналған арнайы бөлмені жабдықтаған, деп жазады ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Басылымның ақпаратынша, "Қарасора 2022" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Рудный қаласының полиция басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Көпқабатты үйдің пәтерінде рудныйлық арнайы бөлімде каннабистің әртүрлі сорттарының 4 бұтасын өсірген. Бірнеше үлкен ыдыс жылу шағылыстырғыш материалмен қоршалып, жоғарғы жағында шамдармен жабдықталған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған заттар алынды және есірткі заттарына сот-сараптамалық зерттеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979778-qostanai-oblysynda-paterinde-qarasora-osirgen-er-adam-ustaldy/

pixel