Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда Нигерия азаматы ұсталды (видео)

Опубликовано:

Ұстау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда 24 жастағы Нигерия азаматы ұсталды. Ол синтетикалық есірткі тасымалдап, сақтады деген күдікке ілінген. Қазір ол қамауға алынған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1998 жылы туған нигериялықты Атырау облысы ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірлік ҰҚКД бірлесіп ұстаған.

Chevrolet Cruze көлігін тінту барысында 5 полиэтилен пакет табылған. Оның әрқайсысына салмағы 1 грамды құрайтын зат салынған. Сараптама барысында тәркіленген заттың "мефедрон" екені анықталды.

"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979780-atyrauda-nigeriya-azamaty-ustaldy-video/

pixel