Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық журналисті соққыға жықты деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды

Опубликовано:

ұсталған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Атырауда журналист Олеся Вертинскаяны соққыға жықты деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"1999 жылғы күдікті анықталып, ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етілмейді", - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 19 шілде күні Атырауда өз үйінің жанында журналист соққыға жығылғанын хабарлаған еді.

Қордың мәліметінше, тілші үйінен шыққан уақытта оған белгісіз жігіт жақындап келіп көмек сұраған, содан кейін бетінен қатты ұрған. Онымен қоймай жерге құлаған әйелді тепкілей бастаған.

Журналисті оқиға орнынан кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам құтқарып қалған. Компьютерлік томографиядан кейін БАҚ өкілінің мұрны сынғаны анықталған.

Бұл жайттан кейін ол полицияға арызданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979811-atyraulyq-zurnalisti-soqqyga-zyqty-degen-kudikpen-21-zastagy-zigit-ustaldy/

pixel