Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасы дүкенге кеткен: Теміртауда тұрғындар өрт шыққан үйден алты қыз баланы аман алып шықты

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер28
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

19 шілде күні Теміртау қаласында ішінде алты қыз бала болған екі бөлмелі пәтер өртеніп кете жаздаған. Оқиғаның мән-жайын Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

ТЖД-ның мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 13:20-да келіп түскен.

Оқиға орнына келген өрт сөндіруішлер 9 қабатты тұрғын үйдің 7 қабатында орналасқан 2 бөлмелі пәтерде тұрмыстық заттар мен линолеум жанғанын анықтаған.

Өрттің аумағы 2 шаршы метрді құрған және үйде алты қыз бала болған.

Үй иесінің сөзінше, ол балаларын үлкен қызына тапсырып, сағат 13:10 шамасында дүкенге шығып кеткен. Сағат 13:35 шамасында оған көршілері телефон шалып, пәтерден түтін шығып жатқанын хабарлаған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілерінің күшімен пәтердің кіреберіс есігі ашылып, қызыл жалын ауыздықталған. Сондай-ақ көршілер пәтерден 2013, 2014, 2015, 2016, 2018 және 2019 жылы туған 6 қызды алып шыққан.

Толық тексерістен өту үшін балалар Теміртау қалалық балалар ауруханасына жіберіліп, кейін дәрігерлер оларды үйлеріне қайтарған.

ТЖД өрттің шығуына кішкентай қыздардың темекі тұтандырғышпен ойнағаны себеп болғанын атап өтті.

Сонымен қатар ТЖД балаларды құтқарып қалған тұрғындарға үлкен алғысын айтып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979813-anasy-dukenge-ketken-temirtauda-turgyndar-ort-syqqan-uiden-alty-qyz-balany-aman-alyp-syqty/

pixel