Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда аула ішінде әйелді ұрған ер адам видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Ақтауда әйел адамды көшеде ұрған ер адам іздестірілуде
Видеодан кадр. Скриншот: lada.kz

Ақтауда аула ішінде әйелді сүйреп, ұрған ер адамның әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алды. Бұл жайтқа Маңғыстау облыстық полиция департаменті де назар аударды, деп хабарлайды Lada.kz.

Желіде тараған видеодан аула ішінде жанжалдасқан еркек пен әйелді байқауға болады. Ролик авторының айтуынша, жас жігіт балалардың көзінше өзінің әйелін ұрған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтаудағы 13-ықшамауданда болған жағдайдың видеосын тексеріске алғанын мәлімдеді.

"Аталған факт бойынша "102" пультіне ешқандай шағым түспеген. Полицияға да ешкім шағымданған жоқ. Видео зерттеліп жатыр, учаскелік инспекторлар аталған тұлғаларды анықтау үшін жұмыс істеуде", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда әскери қызметші екі әйелге шабуыл жасаған ер адамды ұстағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979818-aqtauda-aula-isinde-aieldi-urgan-er-adam-videoga-tusip-qaldy/

pixel