Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус өршуіне байланысты той жасауға тыйым салына ма

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артуда. Осы орайда елімізде той және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынуы мүмкін бе? Бұл сауалға ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қожапованың сөзінше, бүгінде коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткен өңірлерде той және басқа да іс-шараларды өткізуге шектеу енгізу қарастырылып отырған жоқ.

"Дегенмен, "қызыл" аймаққа өткен жағдайда шектеуді екі кезеңмен енгізу көзделеді. Бірақ бұл іс-шараны қазіргі уақытта "Атамекен" палатасымен талқылап жатырмыз", - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, барлық шешім ведомствоаралық комиссияда келісілгеннен кейін ғана қабылданатын болады.

Айта кетейік, 20 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа енген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979831-elimizde-koronavirus-orsuine-bailanysty-toi-zasauga-tyiym-salyna-ma/