Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сары" аймақтағы тұрғындарға маска тағу міндеттеле ме: Министрлік өкілі жауап қатты

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа енген өңірдің тұрғындары маска тағуға міндетті ме? Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, "сары" аймаққа енген өңірлерде маска тағу ұсынылады, бірақ міндеттелмейді.

"21 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа енді. Қазіргі уақытта "сары" аймақта маска тағу - ұсыныс сипатында", - дейді Роза Қожапова.

Одан бөлек басқарма басшысы науқаспен байланыста болған абсолютті қарсы көрсетілімі бар адамдарды, жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс форматына ауыстыру міндетті түрде ұсынылатынын атап өтті.

Ал мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды біріктіріп, түрлі шаралар өткізуге тыйым салынатынын жеткізді.

"Бірақ бұл шараларды топ ішінде өткізуге рұқсат етіледі", - дейді Роза Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгінде ел бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ғана "сары" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979832-sary-aimaqtagy-turgyndarga-maska-tagu-mindettele-me-ministrlik-okili-zauap-berdi/

pixel