Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте тағы 2649 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

ковид-тест
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны әлі өсуде. Мәселен, 23 шілдеде елімізде 2649 адамнан инфекция анықталған, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2649 адамның:

  • 808-і Нұр-Сұлтан қаласынан;
  • 810-ы Алматы қаласынан;
  • 102-і Шымкент қаласынан;
  • 73-і Ақмола облысынан;
  • 26-ы Ақтөбе облысынан;
  • 81-і Алматы облысынан;
  • 64-і Жетісу облысынан;
  • 56-ы Атырау облысынан;
  • 3-еуі Шығыс Қазақстан облысынан;
  • 34-і Абай облысынан;
  • 85-і Жамбыл облысынан;
  • 45-і Батыс Қазақстан облысынан;
  • 212-і Қарағанды облысынан;
  • 44-і Ұлытау облысынан;
  • 41-і Қостанай облысынан;
  • 60-ы Қызылорда облысынан;
  • 30-ы Маңғыстау облысынан;
  • 31-і Павлодар облысынан;
  • 25-і Солтүстік Қазақстан облысынан;
  • 19-ы Түркістан облысынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 331 493 жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 971 адам COVID-19-дан жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979921-elimizde-otken-taulikte-tagy-2649-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/