Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 42 градус ыстық: Дүйсенбіде еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Субұрқақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 25 шілдеде еліміздің үш ірі қаласында күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда күн ашық, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы +29...+31 градусқа дейін көтеріліп, түнде +15...+17 градус жылы болмақ. Осы орайда елордада соққан желдің күші 3-8 м/с жетеді деп күтіледі.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, күн райы ыстық болуы мүмкін. Күндіз сынап бағаналары +36...+38 градусқа дейін көтеріліп, түнде +23...+25 градус жылы болады. Сондай-ақ самал жел соғып, күші 2-7 м/с құрайды.

Ал Шымкентте бүгін аптап ыстық болуы мүмкін. Атап айтқанда, ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Түнде сынап бағаналары +25...+27 градусты көрсетеді. Қалада жауын-шашын болмайды. Желдің күші 8-13 м/с дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979975-symkentte-42-gradus-ystyq-duisenbide-elimizdin-us-iri-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel