Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысатын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz

Қылмыстық топ құрамында деструктивті діни ағым белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980002-aqtobe-oblysynda-kasipkerlerden-aqsa-bopsalagan-qylmystyq-top-quryqtaldy/

pixel