Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда заңсыз ақылы автотұрақ ұйымдастырған ер адамға айыппұл салынды

Опубликовано:

Заңсыз автотұрақ ұйымдастырған жігітке айыппұл салынды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Алматыдағы саябақтардың бірінің маңында көліктерге арналған заңсыз ақылы тұрақ жұмыс істеген. Тұрақ орындары үшін ақша алған азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты хабарлағандай, Гоголь көшесінің бойымен Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына қарай заңсыз ұйымдастырылған автотұрақ бойынша тексеру жүргізілген.

Тексеріс нәтижесі бойынша 1962 жылы туған Т. есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК (15,3 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ мұндай фактілердің алдын алу үшін ер адаммен әңгіме жүргізілген.

"Бұл учаскеде ақылы қалалық тұрақ желісіне жататын тұрақ орындары жоқ екенін қосымша хабарлаймыз. Бұл мәселе Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бақылауына алынды", – деп толықтырды ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980049-almatyda-zansyz-aqyly-avtoturaq-uiymdastyrgan-er-adamga-aiyppul-salyndy/

pixel