Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есік қаласындағы атыс: Күдікті ретінде 30 жастағы тұрғын ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысының Есік қаласында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Полиция қылмысқа қатысты бар деген күдікпен 30 жастағы тұрғынды ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс үш бап бойынша ("Адам өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу", "Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау") тергеліп жатыр. Полиция оқиғаға қатысқан өзге де тұлғаларды іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында атыстан екі адам зардап шеккені хабарланған еді.

Кейінірек олардың бірі ауруханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980118-esik-qalasyndagy-atys-kudikti-retinde-30-zastagy-turgyn-ustaldy/

pixel