Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәтеріне түнде кірген": Алматыда жас жігіт жалғызбасты әйелді пышақпен қорқытып, өз үйінде тонап кеткен

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматыда жалғызбасты әйелді пышақпен қорқытып, өз үйінде тонап кеткен 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайырдың мәліметінше, жас жігіт әйелдің пәтеріне түнде кірген.

Содан кейін пышақпен қорқытып, жинаған ақшасы мен бағалы заттарын беруді талап еткен.

"Әйел адам оның айтқандарына көнген. Сонымен қатар қаскөй оның телефонын иемденіп, мобильді қосымшаны пайдаланып, банк шотындағы ақшасын шешіп алған. Бұл туралы жәбірленуші бірден полицияға хабарлады. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, шабуыл жасаған адам анықталды және ұсталды. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Ұлан Әбілқайыр.

Оның айтуынша, күдік Алматы облысы, Панфилов ауданының тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980122-tunde-paterine-kirgen-almatyda-zas-zigit-zalgyzbasty-aieldi-pysaqpen-qorqytyp-oz-uiinde-tonap-ketken/

pixel