Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 13 жастағы қызға зорлық жасамақ болған ер адам ұсталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда 13 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасауға тырысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, 24 шілдеде Қарағанды қаласының Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 51 жастағы тұрғын арызданған.

Ол арызда сол күні сағат 19.00 шамасында белгісіз адам оның 13 жастағы қызын қолынан ұстап, адам жоқ жерге қарай сүйреп, жыныстық зорлық-зомбылық жасауға тырысқанын айтқан.

Алайда жасөпірімнің және айналасындағылардың айқайынан кейін ер адам қыз баланы жіберіп, қашып кеткен.

Оқиға орнына бірінші болып учаскелік полиция инспекторлары жеткен. Олар күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау мақсатында оқиға болған жерге іргелес аудандарды жіті тексере бастаған.

Мұқият тексеру барысында тәртіп сақшылары аулалардың бірінен ізін суытпай күдікті ретінде 36 жастағы тұрғынды ұстаған.

Полицияның мәліметінше, аталған фактіге қатысты Қылмыстық-кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп қосты полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980125-qaragandyda-13-zastagy-qyzga-zorlyq-zasamaq-bolgan-er-adam-ustaldy/

pixel