Қазақстанда жаңа құрылған облыстарға қандай кодтар беріледі
Опубликовано:

Ауыл шаруашылығының Жер қатынастары комитеті "Ашық НҚА" порталына жаңадан құрылған облыстардың, олардың құрамына енген аудандар мен қалалардың кадастрлық кодын белгілейтін бұйрық жобасын жариялады.
Құжат жобасы бойынша, Абай облысына – 23, Ұлытау облысына – 25, Жетісу облысына – 24 деген кадастрлық код берілмек.
Қонаев қаласы Қапшағай болып тұрған кездегі кадастрлық кодын сақтап қалды – 055.
Сондай-ақ Абай облысындағы Курчатов қаласының кадастрлық коды – 217, Ақсуат ауданының коды – 333 болатыны айтылған.
Ал Шығыс Қазақстан аумағында қайта құрылған Самар ауданының кадастрлық коды 334 болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980132-qazaqstanda-zana-qurylgan-oblystarga-qandai-kodtar-beriledi/