Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерде қаза тапқан маңғыстаулық сарбазға қатысты тергеу аяқталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Әскерде қаза тапқан маңғыстаулық Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы әскери прокуратураның ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, қазіргі жағдайда тараптар іс құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жіберетін боламыз. Күдікті ретінде онымен бірге әскерде жүрген сарбаз өтіп жатыр. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр және де іс материалдарымен танысып жатыр", - дейді Бас әскери прокурордың аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахмет.

Автор: Ә. Дүкембаева

Еске сала кетсек, қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай биылғы жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде көз жұмған еді.

Әскерде тағы бір сарбаздың қаза болғаны ел ішінде үлкен резонас тудырды.

Марқұмның өлімі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты да бей-жай қалдырмады.

Президент сарбаздың отбасына көңіл айтып, Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға оның өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

Кейін Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті ретінде онымен бірге әскери борышын өтеп жүрген сарбаз ұсталды.

Алайда күдікті сарбаздың туыстыра оған тағылған айыппен келіспейтінін айтып, жанайқайын жеткізді.

Марқұм Әлібек Қалбайдың да туыстары тергеу нәтижесіне қанағаттанбай отырғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980140-askerde-qaza-tapqan-mangystaulyq-sarbazga-qatysty-tergeu-ayaqtaldy/

pixel