"Бағаның өскені сезіледі": Сұлтанов пен Қарашөкеев азық-түлікке айына неше рет баратынын айтты
Опубликовано:

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасының көтерілгенін байқағанын айтты.
"Жанұясы бар адамдар ретінде біз де үйді азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Мен демалыс күндері, мүмкіндік болған уақытта дүкендер мен базарларға барамын...
Бірқатар өнімдердің бағасының өсіп келе жатқанын көріп отырмын", – деді ол.
Сұлтанов биылға дейін азық түлікке қанша жұмсағаны, қазір қанша кетіп жатқаны туралы сұраққа жауап бермеді. Себебі, оның сөзінше, ол азық-түлікті үнемі өзі сатып алмайды.
Ведомство басшысы қажет болған жағдайда шығынды есептеп бере алатынын жеткізді.
Ал Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев "жанұясымен және әйелімен бірге азық-түлік аралауға уақыты бола бермейтінін" ашып айтты.
"Мен айына бір немесе екі рет, жексенбіде отбасыммен бірге азық-түлік сатып аламын. Біздің әрқашан сатып алатынымыз – қазақстандық өнімдер. Бағаның белгілі бір деңгейде өсуі сезіледі. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда, картоп пен сәбіз бағасының тұрақты болғанын атап өткім келеді.
Министрлік қабылдаған шаралардың арқасында ел арасында ажиотаж болмады", - деп мәлімдеді Ербол Қарашөкеев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980255-baganyn-oskeni-seziledi-sultanov-pen-qarasokeev-azyq-tulikke-aiyna-nese-ret-baratynyn-aitty/