Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сұлтанов: Ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі

Опубликовано:

Бақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтано. Фото: Facebook / bakhyt.sultanov

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі деген пікірде. Оның ойынша, шаруалар алты ай қыс, алты ай жаз өсірген малын арзанға сатуға мәжбүр, алайда базарға келгенде сол еттің бағасы бірнеше есе шарықтап кетеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, Бақыт Сұлтанов елде етті сатып алу бағасы төмен екенін, тек сауда желілері өз ойына келген бағаны қойып отырғанын мәлімдеген. Министр ұсынған ақпаратқа сенсек, фермерлер етті орташа есеппен 900 теңгеден сатады. Ары қарай ол делдалдар арқылы сөреге жеткенше бағасы шарықтап кетеді.

Тапшылықты қолдан жасамау үшін ведомстволар базар иелерін жауапкершілікке тарту туралы заңнамалық өзгерістер дайындап жатыр екен. Ереже шағын сауда және үйдің жанындағы шағын дүкендерге де ортақ. Олар алдағы уақытта үстеме бағаны 15 пайыздан асырмауы керек.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қой етіне қарағанда, құс етіне сұраныс артқаны туралы жазған едік.

Құс етіне деген сұраныстың артуының басты себебі – оның қолжетімділігі болып отыр. Себебі құс етін өндіру басқаларға қарағанда арзан әрі жылдам. Десе де құс етіне деген сұраныстың бірден өсуі оның тапшылығына әкеп соқтыруы да әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980303-baqyt-sultanov-et-bagasynyn-osuine-saudagerler-kinali/

pixel