Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық өрт сөндірушілер жеделсатыда қамалып қалған әйелді құтқарды

Опубликовано:

Лифтіге қамалып қалған әйелді құтқару сәті
Скриншот: Instagram / nursultan_tjd

Нұр-Сұлтан қаласының Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде өрт сөндірушілер жеделсатыда қамалып қалған әйелді құтқарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 26 шілде күні сағат 15:20-да елордалық құтқарушылар Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде жеделсаты өртенгені жөніндегі хабарлама бойынша шақыртуға шыққан.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жеделсатыда электр сымдарының қысқа тұйықталуы болғанын анықтаған.

12 және 13 қабат аралығында жеделсатының ішінде 1957 жылы туған әйел адамның қалып қойғаны белгілі болады.

"Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмыстарының арқасында әйелді аман-есен жеделсатыдан алып шығып, оған алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол медициналық бригадаға тапсырылған. Осылайша елордалық #10-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жанат Шалтаев пен өрт сөндірушісі Қуат Қазбеков өз жұмыстарын мінсіз атқарып, адам өмірін сақтап қалды", - делінген хабарламада.

Жедел көрсетілген көмек үшін құтқарылған азаматшаның қызы құтқарушыларға өз алғысын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980304-elordalyq-ort-sondirusiler-zedelsatyda-qamalyp-qalgan-aieldi-qutqardy-video/

pixel