Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда терезе жақтауында ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынды

Опубликовано:

Ақтауда терез жақтауында ойнап жүрген балалар
Скриншот: КТК арнасы

Ақтауда көпқабатты үйдің терезе жақтауында ойнап жүрген балалардың ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті балаларын қараусыз қалдырған ересектерге хаттама толтырып, айыппұл салды, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Жүрегім аузыма тығылып тұр. Мына жерде қыздар деген ойнап жүр. Кішкентай екі-үш қыз. Ең үстіңгі қабатқа шығып терезе жақтауымен жүріп, екінші терезеге кіріп тұр ғой. Кіріңдер деп айқайладым", - дейді оқиға куәгері.

Көшеде кетіп бара жатқандарды шошытқан оқиға Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабатында болған.

4-5 жастағы кішкентай үш қыз 10-қабаттағы пәтердің терезесіне шығып ойнап жүрген. Балақайлар ештеңеден қорықпай, емін-еркін терезе жақтауымен бір пәтерден екінші пәтерге кіріп-шығып жүріпті.

Кейін белгілі болғандай, балақайлар бір-бірімен көрші тұрады екен. Біреуінің үйінде ата-анасы болмай, қалған екеуі соған ойнауға келіпті.

Полиция департаменті қыздардың ата-анасына хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері яғни ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Балалардың ата-анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127 бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ ата-аналармен алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді Маңғыстау облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жаннұр Таңатарова.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980306-aqtauda-tereze-zaqtauynda-oinap-zurgen-balalardyn-ata-anasyna-aiyppul-salyndy/

pixel