Бүгін Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болуы мүмкін

Опубликовано:

күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 27 шілдеде Алматы мен Шымкентте ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Соққан желдің күші 2-7 м/с жетеді. Оңтүстік астанада жауын-шашын жаумайды.

Шымкентте бүгін аптап ыстық болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 37-39 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ күн райы жауын-шашынсыз болады, дегенмен жел соғып, күші 8-13 м/с жетеді.

Ал Нұр-Сұлтанда бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Сонымен қатар қатты жел соғып, күші 9-14 м/с жетуі мүмкін. Жауын-шашынға қарамастан, қалада күн ыстық болады. Мамандардың болжамынша, ауа температурасы 31-33 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980331-bugin-almaty-men-symkentte-aptap-ystyq-boluy-mumkin/