Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жол үстінде басталған қақтығыс адам өлімімен аяқталды

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында жол үстінде басталған қақтығыс қайғылы оқиғамен аяқталды. Қарт көлік жүргізушісі қаза тапты. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Лада басылымы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап қайғылы жағдайдың 22 шілде күні Жаңа дәулет елдімекенінде тіркелгенін хабарлаған.

Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кейінірек қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталды.

"Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға қатысы бар адамдар арасында күдікті эмоцияға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Екеуінің арасында кім-кімге жол беруі керек деген жанжал болған. Алған жарақаттарынан кейін ол оқиға орнында қаза тапты", - деді полиция.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сот 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол бойында ашуға берілмеуге, сабырлы болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980332-mangystauda-zol-ustinde-bastalgan-qaqtygys-adam-olimimen-ayaqtaldy/

pixel