Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан халқына" қоры түлектер мен студенттерге грант беруге конкурс жариялады

Опубликовано:

Студенттер
Көрнекі фото: piqsels.com

"Қазақстан халқына" қоры "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі Instagram-парақшасында.

Ведомство аталған бағдарламаның 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылатынын мәлім етті.

Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

Министрліктің хабарлауынша, үміткерлер 10 тамыз бен 17 тамыз аралығында қабылдау комиссиясына грантқа өтініш тапсыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980353-qazaqstan-xalqyna-qory-tulekter-men-studentterge-grant-beruge-konkurs-zariyalady/

pixel