Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғар көшелерінде көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Опубликовано:

Талғар
Видеодан кадр: Instagram/kris_p_talgar

Талғар көшелерінде көкпарды ұйымдастырғандар мен шабандоздар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция әлеуметтік желіде тараған Алматы облысы Талғар қаласының көшелерінде бір топ шабандоздың көкпар тартысқан видеосына қатысты шара қолданды.

Қатысушылар қолданыстағы заңнаманы бұзып қана қоймай, елді мекен аумағына кіріп, жол қозғалысына кедергі келтіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері көкпарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларын анықтады. Олар ӘҚБК-нің 434-бабы мен 593-бабы және 614-бабы бойынша әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес, жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, ұсақ бұзақылық үшін сот ойынды ұйымдастырушыға және басқа да қатысушыларына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға санкция берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980376-talgar-koselerinde-kokpar-uiymdastyrgandar-10-taulikke-akimsilik-qamauga-alyndy/

pixel