29 шілде Алматының шағын ауданындағы көшелерде суық су болмайды
Опубликовано:

29 шілде күні Алматыдағы Шұғыла шағын ауданында кей көшелерде суық су болмайды, деп хабарлайды "Алматы Су" МКК-ның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілде күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданындағы Жүнісов – Дала – Жақыпбаев – Нұрмұхамедов көшелер шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су уақытша болмайды.
Суды ажыратуға қатысты уақытша шектеулер жаңа су құбырын іске қосу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін енгізіледі.
"Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген мекеменің ресми хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980484-29-silde-almatynyn-sagyn-audanyndagy-koselerde-suyq-su-bolmaidy/