Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада медицина университетінің бұрынғы проректоры сотталды

Опубликовано:

Үкім оқып жатқан судья
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда парақорлық фактісі бойынша Астана медицина университетінің экс-проректорымен тағы екі тұлғаға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, "Астана медицина университеті" КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сондай-ақ ол делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін де кінәлі деп танылған.

Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданының №2 соты үкімімен М. Дәулетьярова 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Одан бөлек сот үкімімен Гриценко 3 жылға, Капаров 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980492-elordada-medicina-universitetinin-eks-prorektory-sottaldy/