Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша үшін жас жігітті алдаған": Қызылордалық үш балалы келіншек желіде қызу талқыланып жатыр

Опубликовано:

Үш балалы келіншек жас жігітке тұрмысқа шыққан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызылорда облысының тұрғыны үш баласы мен күйеуі бола тұра, жас жігітті алдап соқты, деп хабарлайды Астана арнасы.

Үш баласы, заңды некедегі күйеуі бола тұра ол жас жігітке тұрмысқа шыққан. Ал қалың малын алған соң түрлі сылтаумен қашып кетеді.

Айлакер әйелдің жасы – 23-те. Қулықты абысынымен бірігіп істеген көрінеді. Бұл туралы жігіттің туыстары әлеуметтік желіде жазған. Қазіргі таңда бұл жағдай қызу талқылап жатыр. Көпшілігі мұндай жағдайдың ел арасында көп кездесетінін жазуда.

Қос келіншек бұны кәсіп қылып алғанын айтады. Ауылда аңқау жігіт көп, соларды құрыққа түсіретін көрінеді.

Ал құзырлы органдар бұл жағдайға қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

"Қызылорда облысы полиция департаментіне қарасты бөліністерде аталған дерек бойынша арыз-шағым және өтініштер тіркелмеген", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Т. Әлжанов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980512-aqsa-usin-zas-zigitti-aldagan-qyzylordalyq-us-balaly-kelinsek-zelide-qyzu-talqylanyp-zatyr/

pixel