Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда самокат мінген қыз көліктің есігіне соғылып, көз жұмды

Опубликовано:

Самокат
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласында самокат мінген қыз көліктің есігіне соғылып, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға маусым айында болған. 27 жастағы қыз электросамокатпен жолда көлік арасымен келе жатқан.

Кенеттен Nissan Patrol көлігінің есігі ашылған. Сол кезде самокат мінген қыз тоқтап үлгермей қатты жылдамдықпен есікке соғылған.

Жарақат алған қыз дереу ауруханаға жеткізілген. Бірақ бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері самокат мінген адам өлімі алғаш рет тіркеліп отыр.

Жалпы алты ай ішінде Алматыда самокат және мопедтің қатысуымен 77 жол апаты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980543-almatyda-samokat-mingen-qyz-koliktin-esigine-sogylyp-koz-zumdy/

pixel