Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк телефон алаяқтарының жаңа схемасы туралы ескертті

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Ұлттық банкі өздерін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтарының пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды ведомство сайты.

ҰБ мәліметінше, олар "заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция" жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіреді.

"Кей жағдайларда жалған "полиция" Ұлттық банкпен бірлесіп, "арнайы операция" жүргізетінін және онысын растау үшін "Ұлттық банк қызметкеріне" қоңырау шалған болып, қолдан жасалған куәліктерді, банктің аударым құжаттарын және орындалған операциялардың заңдылығын "растайтын" басқа да мәліметтерді жібереді.

Мұндай әрекеттердің барлығы ұйымдасқан алаяқтардың жұмысын көрсетеді. Алаяқтардың түпкі мақсаты – несие рәсімдеуге қатысты мотивациялық түрлі айла табу, ақша жымқыру және дербес (соның ішінде сізге жақын адамдардың) дерегін қолға түсіру", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Осы орайда Ұлттық Банк "құқық қорғау жүйесінің жалған қызметкері" немесе "Ұлттық банк қызметкері" телефон шалған кезде әңгімені тоқтатуға, "банк менеджерін ұстау" бойынша алаяқтық пиғылдағы іс-қимылдарға қатыспауға, дереу құқық қорғау органдарына арыз беруге шақырды.

Сондай-ақ Ұлттық банк мобильді қосымшаларды жүктеуге, дербес деректерді ашуға, мобильді телефонға қашықтан кіруге рұқсат беруге және телефонмен сөйлесу кезінде алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шотына ақша аударуға болмайтынын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980562-ulttyq-bank-telefon-alayaqtarynyn-zana-sxemasy-turaly-eskertti/

pixel