Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 12 млн теңге жымқырды деп айыпталған жетім балалар мектеп-интернатының директоры сотталды

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-да 12 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі ресми Telegram-каналында.

Агенттіктің хабарлауынша, мектеп-интернат директоры А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген қаражатты жымқырған. Ол сабақ өткізбесе де, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған.

Бұдан басқа А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ақшаны есеп шоттарынан шешіп, Базарханованың өзіне қайтарып отырған.

"Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар агенттік А.Базарханова танысына қарызын қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, жалақы ретінде шотына 729 мың теңге аударғанын атап өтті. Шын мәнінде жұмысқа алған адамы жұмыс істемеген.

Мектеп-интернат директорына қатысты іс Шығыс Қазақстан облыстық сотында қаралған. Үкім шығарарда қылмыстық істер бойынша сот алқасы оның өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын және жасөспірім баласының бар екенін ескерген.

Осылайша, Базархановаға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980604-sqo-dan-12-mln-tenge-zymqyrgandy-dep-aiyptalgan-zetim-balalar-mektep-internatynan-direktory-sottaldy/

pixel