Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлдекім елорда әуежайына жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған

Опубликовано:

әуежай
Елорда әуежайы. Фото: facebook.com/NNAirportOfficial

Бүгін, 28 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының электронды поштасына әуежай аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Биылғы жылдың 28 шілде күні сағат 09:46-да "102" арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағына қолдан жасалған жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп жағдайды баяндады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары дереу тексеріс жұмыстарын жүргізген. Жарылғыш зат табылған жоқ.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жарылғыш зат туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп қосты құзырлы орган.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980623-elorda-auezaiyna-zarylgys-zat-qoiylgany-zaily-xabarlama-kelip-tusken/

pixel