Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Террорлық әрекет туралы жалған ақпарат берген тараздық қамауға алынды

Опубликовано:

Тараз тұрғыны террорлық әрекет жайлы жалған ақпарат берді
Фото: instagram.com // zhambyl_police

Жамбыл облысында террорлық әрекет туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысының Полиция департаменті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 шілде күні сағат 15:00 шамасында Тараз қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығына беймәлім адам қоңырау шалған.

Ол "Меркі шипажайына бара жатқан 33 жастағы әйелдің сөмкесіне жарылғыш заттар салып алғаны" жайлы хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел түрде жеткен аудандық полиция қызметкерлері аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш затты және күдікті әйелді анықтаған жоқ. Меркі АПБ және ҰҚК қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шараларының нәтижесінде террорлық әрекет туралы көрiнеу жалған ақпарат берген 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды", – делінген ПД хабарламасында.

Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстiң 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980627-terrorlyq-areket-turaly-zalgan-aqparat-bergen-tarazdyq-qamauga-alyndy/

pixel