Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері екі еседен артық көбейеді

Опубликовано:

әуежай
Көрнекі фото: pixabay.com

27 шілдеде Қазақстан мен Түркияның авиациялық билік органдары арасында ресми келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде тараптар екі ел арасындағы рейстер санын арттыру туралы шешімге келді, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында.

Қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, түрік делегациясын Түркияның авиациялық билігінің бас директоры Кемал Юкшек басқарды.

Келіссөздерге қазақстандық Air Astana және SCAT әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Tailwind Airlines, Freebird Airlines секілді түрік әуе компанияларының өкілдері қатысты.

"Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы рұқсат етілген рейстердің санын 2 еседен артық, әр тарап бойынша аптасына 40-тан 93 рейске дейін, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Стамбул бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Стамбул бағыты бойынша аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру, сондай-ақ екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосу туралы келісімге қол жеткізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар бәсекелестікті дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында қазақстандық тараптың бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Стамбул қалалар аралығындағы бағыттарда баламалы екінші әуе тасымалдаушыларын міндетті түрде белгілеу бекітілді.

Бұл жолаушылар үшін әуе компаниялары арасындағы таңдауды кеңейтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980630-qazaqstan-men-turkiya-arasynda-aue-reisterinin-sany-2-esege-artatyn-boldy/

pixel